Еліміздегі мектептердің бір бөлігінде бейнебақылау камералары істен шыққан - Министр
Қазақстандағы мектептердің бір бөлігінде бейнебақылау камераларының бір бөлігі жедел басқару орталығына қосылмаса, енді бірі мүлде істен шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен ішкі істер министрі Марат Ахметжанов оқу жылы қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігі бойынша кеңес өткізген.
"Мектептердің техникалық тұрғыдан жабдықталуы және оның сапасы туралы айта келе Асхат Аймағамбетов жергілікті атқарушы органдардың білім беру мекемелері бейне бақылау камераларымен 100%-ға қамтылғанын мәлімдейтінін қосып өтті. Бірақ тексеріс кезінде бұлай емес екені анықталады. Барлық камералар бірдей жұмыс істемейді, бір бөлігі жедел басқару орталықтарына қосылмаған", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар министр камералардың саны емес, қанша баланы қамти алатыны маңызды екенін айтқан.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”