Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі карантин қандай жағдайда қатаңдатылады? Министрліктің түсініктемесі

Қазақстандағы ауруханалар 90%-ға толып кеткен жағдайда карантин қайта күшейтілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Лязат Ақтаева мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

карантинСөзінше, аурудың таралуын есептеуге R көрсеткіші қолданылады екен. Яғни, бір адамның басқаға ауруды жұқтырудың орташа көрсеткіші қарастырылады. 

"Егер R көрсеткіші 1,3-тен жоғары болса, карантин мен шектеу шараларын күшейту қажет. Егер бұл өсім 1,15-1,3 аралығында болып, ауруханалардағы төсек-орын 70%-ға толып кетсе, немесе 90%-дан асса карантин қатаңдатылады", - деді Ақтаева. 

Бұған қоса ол шектеу шараларының негізгі міндеті денсаулық сақтау жүйесіне келетін ауырлықты азайту екендігін алға тартты. Себебі бұл кезде ем орталықтары науқастардың ағымына төтеп бере алмай қалуы мүмкін екен. 

Сол себепті де ауруханалардағы төсек-орын жетіспеушілігі алғашқы кезекте есепке алынатын болады. 

Сондай-ақ қосымша көрсеткіштер де ескеріледі. Мәселен, өлім деңгейі, жағдайы ауыр науқастар, аурудың асқынуы сынды мәселелер басты назарда екен. 

Карантин егер ауруханалардағы төсек-орынның жартысы бос болып, R көрсеткіші бірден аспаса, жеңілдетіледі. 

 

STAN.KZ
Жұма, 19 Маусым, 2020 14:15
Талқылау