Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі базарлардың жұмыс уақыты 20:00-ге дейін ұзартылуы мүмкін

Қазақстандық кәсіпкерлер базарлардың жұмыс уақыты 20:00-ге, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмыс режимін сағат 22:00-ге дейін ұзарту туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өз ұсыныстарын отандық кәсіпкерлер үкімет басшысының орынбасар Ералы Тоғжановқа жеткізген. Өз кезегінде вице-премьер денсаулық сақтау министрлігіне жақын арада өтетін COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-та сауда нысандарының жұмыс уақытын ұлғайту бойынша кәсіпкерлердің барлық ұсыныстарын шығаруды тапсырды.

"Осы аптада өтетін үкіметтік комияссия отырысында нақты шешім қабылданады", - депті Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның мәліметінше, елдегі эпиджағдай жақсы болса, тағы бірқатар бизнестің жұмысы қайта жанданбақ.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2020 21:39
Талқылау