Қазақстанда 19 баланы дүниеге әкелген көпбалалы отбасы тұрады

Петропавлдық ерлі-зайыпты Павел мен Татьяна Култышевтар 19 бала тәрбиелеп отыр. Отбасының кенжесі 2024 жылы дүниеге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Павел мен Татьяна 2000 жылы шаңырақ көтерген. Олар шіркеуде танысқан. Сол кезде Павел 22, Татьяна 19 жаста еді. Тұңғышын Татьяна 20 жасында дүниеге әкелді. Қазір үлкен қызы Инна – 25 жаста, Лена – 23, Владимир – 22, Евгений – 21 жаста. Үлкен балалар кәсіпкерлікте әкесіне қолғабыс етеді.
Павел – жеке кәсіпкер, дәнекерлеумен айналысады. Қақпа, қоршау, кез келген күрделі самалжайлар жасайды. Сонымен қатар жүк тасымалдап, автокөлік жөндейд, жазда жерді қазып, шөп шабады.
Бесінші перзенті Ирина – 20 жаста, Дмитрий – 19, Павел – 17, Татьяна – 16, Андрей – 15, Леонид – 13, Сергей – 12 жаста.
2016 жылы, яғни отбасында 12-бала – Данил дүниеге келгенде үлкен әулет бүкіл республикаға танымал болды. Олар туралы сюжеттер түсіріліп, мақалалар жазылды. Кейін Култышевтер отбасында тағы бес бала дүниеге келді: Алена – 9 жаста, Диана – мамырда 8 жасқа толды, Любовь – 7 жаста. 2020 жылғы маусымда Влад есімді шекесі торсықтай ұл дүниеге келді, 2021 жылы шілдеде анасы Давидті өмірге әкелді. 2022 жылғы шілдеде бір қыз, 2024 жылы тамыз айында кенже қызы туылды.
Отағасы Павел де отбасында тоғыз ағайынды: алты ағасы мен екі әпкесі бар. Павелдің ағалары мен әпкелері де бүгінде көпбалалы отбасыға айналған.
Ал Татьяна қарапайым отбасыдан, өздері үш ағайынды. Отбасының үлкендері үй шаруасына көмектеседі. Сондай-ақ музыкалық аспаптарда ойнайды.
“Біз ата-анамыз бен бабаларымызға қарағанда жақсы өмір сүріп жатсақ та, көбі қазір тек бір-екі баламен шектеледі. Мұндай бақыттан қалай бас тартуға болады? Мен үйге қуанып келемін. Келгенде барлық балалар құшақтап, сүйіп, мәре-сәре болады. Балаларымыз тәрбиелі, мейірімді. Олар ерке, қыңыр емес. Бізді білетін кез келген адам бұл сөзімді растайды”, – деп бұрын Павел айтқан еді.
Павелдың айтуынша, отбасында балалар көп болғанда олар кішкентайынан тату болуды, бөлісуді және бір-біріне көмектесуді үйренеді.
Айта кетейік, Павел мен Татьяна қазір ата мен әже. Олардың үлкен қыздары әке-шешесіне немере сыйлаған.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды