Елімізде жол тәртібін бұзғаны үшін төленетін айыппұлдың мөлшері төмендетіледі
Қазақстанда жол тәртібін бұзғаны үшін төленетін айыппұлдың мөлшері төмендетілетін болды. Жүргізушілердің жауапқа тартылуына қатысты 150 бап қайта қаралмақ. Одан бөлек, сот әкімшілік жазаны жеңілдететін жағдайларды да қарастырады. Ал кейбір тәртіп бұзушылар айыппұлды 30% жеңілдікпен төлей алады.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
«Zello-Павлодар» радио-арнасының модераторы Виталий Гаак әкімшілік кодекстегі әрбір өзгеріс қоғамда қызу талқыға түсетінін айтты. Ал айыппұл көлемін төмендету туралы ұсынысты жүргізушілер қолдап отыр.
«Бұл тақырып үнемі талқыланады. Айыппұлдардың тым қымбақа түсетінін, оны әркімнің қалтасы көтермейтінін жұрт жиі айтады. Біз бір-бірімізді ескертіп отыруға, ереже бұзбауға барынша тырысамыз», дейді «Zello-Павлодар» радио-арнасының модераторы Виталий Гаак.
Әкімшілік жазаны жеңілдету үшін алдымен қылмыстық кодекс өзгеруі тиіс. Атамыш заң жобасы парламенттің қарауына тек келесі жолы ұсынылады деп күтілуде.
«Әділет министрлігінің қызметкерлер тобы мемлекеттік органдардың 400-ге жуық ұсынысын қарастырды. Олардың 126-сы қолдау тауып, 100 ұсыныс кері қайтарылды. Қалғандары енді қаралып жатыр. Ал аталмыш заң жобасы парламентте келесі жылы талқыланады», дейді ҚР әділет министрлігі заңнама департаментінің басшысы Ерлан Бұзырбаев.
Сондай-ақ, ол бұл мәселенің бірінші рет көтеріліп тұрмағанын атап өтті.
Жаңа заң жобасы бойынша әр тәртіп бұзушыға жеке-жеке көңіл бөлінуі мүмкін. Әкімшілік сот қазірдің өзінде кейбір тәртіп бұзушыларға 30% жеңілдік қарастырып жатыр. Аталмыш норманы заң тұлғаларына да қолдану ұсынылды. Алайда қазақстандықтар айыппұлдың едәуір көлемде арзандағанын немесе мүлдем ескертуге ауыстырылғанын қалайды.
«Ең төмен айыппұл – 10 мың теңге. Сондағысы, жарығыңды жағып жүрмегенің үшін осындай ақы төлейсің. Ірі тәртіп бұзушылардың қандай сомада ақша төлейтінін ойлап көріңіз!», «Қарсыласуға тура келеді. Кейде айыппұлдан құтылуға тіркеушілер көмектеседі», – дейді арнайы сауалнамаға қатысқандар.
Жол тәртібін бұзған физикалық тұлғаларға жеңілдіктер өткен жылы қолданысқа енгізілген болатын. Полицейлердің айтуынша, бұл жағдай жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне себеп болған. Мысалы, өткен жылы Қазақстанда 19 мыңға жуық жол апаты тіркелген. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 7%-ға аз. Зардап шеккендер саны мен қайтыс болғандар саны азайған. Ал жол-көлік оқиғасы жиі орын алатын аймақтарға Алматы, ОҚО, ШҚО және Жамбыл облыстары кіріп отыр.
Әділет министрлігі әкімшілік кодекстегі жол тәртібін бұзуға қатысты 150-ге жуық бабты қайта қарастырады. Министрлік аталмыш өзгерістерді талқылауда барша қазақстандықтардың белсенділік танытуын сұрайды. Ұсыныс-тілектерді министрліктің әлеуметтік желілердегі парақшасына да қалдыруға болады.
Жіберіп алмаңыз:
ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бір жолаушының басы жұлынып кетті
Шымкентте қызын көлік апатынан құтқармақ болған әке қайтыс болды
Айнұр Нұрсейітованың әкесі ұшақта жанжал шығарғаны үшін қамауға алынды