Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде жоғары жалақы іздеп шетелге кететін азаматтардың саны көбейген

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылдың 3 айында 200 мыңға жуық қазақстандықтың шетелге жұмыс іздеп кеткенін мәлімдеді. Министрлік өкілдерінің айтуынша, отандастарымыз өзге елдерге негізінен жоғары жалақы табу үшін барады. Мамандар былтыр да шетелге жұмыс іздеп кеткендердің саны осы шамада болған дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

аэропорт

Дегенмен қазақстандықтар өзге елдің азаматтығын алмаған екен. Білім алуға барғандардың саны 20 мыңнан асқан. Есесіне осы жылы елге 13 мыңнан астам қандас көшіп келген. Оның 8,5 мыңы еңбекке қабілетті азаматтар. Сондай-ақ министрлік өкілдері жұмыс күші тапшы өңірлерге барған 224 отбасы баспаналы болғанын айтады. Ал көршілес елдерге кеткен отандастырымыздың құқығын қорғау бойынша қазір келіссөздер жүріп жатыр екен. 

“Бүгінде Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Израиль, Катармен бірқатар келісімге қол қойылды. Егер қазақстандықтар осы елдерде жұмыс істейтін болса, онда олардың еңбек және әлеуметтік құқығы заңға сәйкес сақталады. Бұл үшін азаматтарымыз еш алаңдамауы тиіс”, – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ерсаев. 

Талқылау