Елімізде жеті журналист коронавирусқа шалдыққан
ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде қанша журналист коронавирусқа шалдыққанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бас санитар дәрігерге бұқаралық ақпарат құралдары неше өкілі коронавирус жұқтырды деген сұрақ қойылды.
"Республика бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының 7 өкілі инфекцияға шалдықты. Оның үшеуі емделіп, ауруханадан шықты. Ал қалған төртеуі ем-дом қабылдап жатыр", - деді Есмағамбетова.
Еске салайық, бұған дейін жұқпалы індет "Қазмедиада" таралғаны жайлы айтылған еді. Осыған байланысты мекемде карантин жарияланыпты.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”