Елімізде жайын мен көксерке балығын экспорттауға тыйым салынады
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің балық шаруашылығы комитеті "Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салу туралы" бұйрық дайындады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
6 ай мерзімге мұздалған, жаңа мұздатылған немесе салқындатылған балықтың жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынады. Бұл – көксерке және жайын.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде түсіндірілгендей, тыйым мемлекет басшысының 2022 жылғы 8 қарашада Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңделмеген балық экспортына шектеулер енгізу туралы тапсырмасын орындау шеңберінде енгізіледі.
Балық өнімі экспортының жалпы көлемінің (жылына 22,5 мың тонна) 55%-ы өңделмеген балық. Яғни 12,3 мың тонна өңделмеген балық тасымалданған.
Бастапқы кезеңде республиканың аумағынан жайын мен көксеркені экспорттауға 6 ай мерзімге шектеу қойылмақ.
Құжат 14 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ