Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде жас отбасыларға баспана алуда жеңілдік қарастырылмайды

Жас отбасыларды баспанамен қамтуда мемлекет қандай жеңілдіктерді қарастырады? «Өңірлерді дамыту – 2020» және «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламалары аясында 2012-2016 жылдар аралығында 8 мыңнан аса жас отбасы пәтерлі болған.

5de917636864b4e2cece09df86dbe995

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Ал биылдан бастап қолға алынған «Нұрлы жер» бағдарламасының мүмкіндіктері жайлы Айзада Төребекқызы айтады.   Жеңілдікпен баспана алуды армандаушылардың бірі Әлімхан Дүйсенғалиев үш баласымен  әлі күнге пәтер жалдап жүр.  «Жас отбасы» негізінде баспаналы болу бақыты бұйырмаған, ал несие рәсімдеуге қол қысқа,- дейді.

“Осы жас отбасы бағдарламасы ыңғайлы болып тұр бір жағынан. Сол 35 жас болып жатса, өте жақсы болар еді”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Әлімхан Дүйсенғалиев.

30 жасында шаңырақ көтерген павлодарлық Максим Кочетков жеңілдетілген жоба арқылы үй алу мүмкіндігінен айрылып қалған. Бүгінгі буынның проблемасы баспана екенін айтады.

“Нарықтағы үй бағасы мен жалдамалы баспана құны өте қымбат. Жас отбасылардың жасын 35 жасқа ұлғайтса, жаңадан шаңырақ көтергендерге мүмкіндік туар еді”, – дейді Павлодар қаласының тұрғыны Максим Кочетков.

Бұлар жас отбасылар санатының жас мөлшері 35 жасқа ұзартылса деген депутаттар бастамасына үміт артады. Павлодарда өткен жылы 54 жас отбасы пәтер алса,  Шымкентте бағдарлама іске асырылғалы соңғы үш жылда 570 жас отбасы баспанаға қол жеткізген. Бірақ бағдарлама өткен жылдың соңында тоқтап қалған.

“Құрылыстары басталып қойған ҚИК және осы ТҮҚЖБ арқылы ұсынылатын жас отбасыларға үйлерін қалған бөліктері салынатын болады”, – дейді ҚР ИДМ құрылыс және ТҮКШ істері комитетінің бас сарапшысы Сара Жаңабайқызы.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» арқылы 35 жасқа дейінгі жас отбасылар мен толық емес отбасыларға 2 мың, ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 400 пәтер 29 жасқа толмаған отбасыларға бұйырады. Тек оның талаптары қатаң.

Фарида Абдуалиева, Шымкент қаласы тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы: 451 азамат соңғы электронды түрде бізге өтінім тапсырды, 1 бөлмелі пәтерге. Ол 451 пәтердің ішінен азаматтың ішінен тек 24 азамат жас отбасы ғана пәтермен қамтылады.

Биылдан бастап «Нұрлы жер» бағдарламасы  іске қосылды. Онда азаматтардың жас шамасына  шектеу жоқ. Бағдарламада барлық санаттағы азаматтарға тұрғын үй жағдайын кешенді шешуде 5 негізгі бағыт қарастырылған. Тек кезекте тұрған жас отбасы әлеуметтік жағынан ең осал топқа жатқан жағдайда жалға берілетін, сатып алусыз тұрғын үйге ие бола алады.

Жеке тұрғын үй бағытын дамыту аясында өңір орталықтарында пилоттық  жоба қолға алынған. Осының негізінде салынып жатқан дайын үйлерді сатып алуға болады. Бұл жер кезегінде тұрған азаматтарға ұсынылады дейді мамандар. Мұны қолай көрмегендер банктер арқылы 5 және 10 пайыздық сыйақысымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ипотека рәсімдеуіне де мүмкіндігі бар.

Тағы да оқыңыз:

Көкшетауда әйелді бауыздап өлтіріп, тонап кеткен осы отбасының танысы болып шықты

Арзан ипотека: Аз төлеп, баспана алу үшін не істеу қажет

Депутат: Қазақстан ипотекалық компаниясының салақтығынан мыңдаған адам баспанасыз қалды

Талқылау