Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде утиль алымы бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобы бекітілді

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ӘРПК-нің 90-5-бабының 2-тармағына сәйкес утиль алымы бойынша петицияны қарайтын жұмыс тобының құрамын бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Ведомствоның дерегінше, жұмыс тобының құрамына парламент депутаттары, өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, сыртқы істер министрінің орынбасары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

Сонымен қатар топ құрамына петицияның бастамашысы, бірқатар қоғамдық бірлестіктің, сарапшылық қоғамдастықтың және өнеркәсіп секторының өкілдері де қосылды.



Министрліктің баспасөз қызметі жұмыс тобының қызметі туралы ресми сайты мен t.me/minpromstroykz телеграм-каналында хабарлайды.

Еске салайық, 24 мамырда E-Petition.kz ресми порталында жарияланған утиль алымы, қалдықтарды кәдеге жаратуға қатысты петиция 50 000 қол жинап, үкіметте қаралатынын жаздық.

Талқылау