Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде үшінші рет қазақ тіліндегі онлайн-диктант өтеді: Диктантқа қатысып, iPad Air ұтып ал!

Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстанда үшінші рет жалпыхалықтық онлайн-диктант өткізеді. Жазба жұмысы 26 сәуірде ұйымдастырылады. 

Қазақ тіліндегі диктант dictant.stan.kz сайтында өтеді. Диктантты қатесіз жазып, ең жақсы нәтиже көрсеткен қатысушылардың арасында үш iPad Air сыйлықтары ойнатылады. Бұған қоса жазба жұмысының барлық қатысушылары бағасы жазылған сертификатқа ие болады. 

Диктант мәтінін “Ұлттық арнаның алтын дауысы” атанған танымал дубляж актері Азамат Қанапия оқиды. 

Ескерту: Диктантқа алдын ала тіркелудің қажеті жоқ. 26 сәуірде арнайы dictant.stan.kz сайты іске қосылады. Жазба жұмысына таңғы сағат 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін қатысуға болады. 

Жобаның басты демеушісі – Jusan Bank. Диктанттың тақырыбы қазақтардағы қаржы жоралғыларының мәні туралы болады және жазба жұмысы Jusan Bank-тың туған күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Жазба жұмысына қатысу үшін интернет пен компьютер немесе ноутбук, телефоныңыздың болғаны жеткілікті. Дегенмен диктантты компьютер немесе ноутбукпен жазу әлдеқайда ыңғайлы болады. 

26 сәуірде dictant.stan.kz парақшасында спикердің мәтін оқыған видеосы жарияланады. Бірінші видеода толық мәтін оқылса, екінші видеода сөйлемдері жеке оқылатын видео болады. Оны қарап шығып, айтқандарын мұқият тыңдап, диктант жазасыз.

Диктанттың 26 сәуір күні басталу уақыты бойынша хабарламаны Stan.kz қосымшасын пайдаланушылар ғана бірінші біле алады. Қосымшаны Play Market және AppStore-дан жүктеуге болады.

Диктантты сәтті жазып шығуыңызға тілектеспіз!

Талқылау