Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде ұсақ парамен ұсталғандар қамауға алынбайтын болды

Экономикалық қылмыс жасап ұсталғандар қамауға алынбайтын болды. Бүгін Бас прокуратура жаңа заң бойынша тергеу изоляторына кімдерді жабуға болатынын түсіндірді.

Елімізде ұсақ парамен ұсталғандар қамауға алынбайтын болды

Бас прокуратура қылмыстық процессті озық елдермен салыстырып, халықаралық стандарттарға сәйкес қылып өзгертпекші, деп хабарлайды 31 арна.

Адам құқығын қорғау үшін күдіктіні уақытша ұстауды 72 сағаттан 48 ге дейін қысқартып, кәмелетке толмағандардың ісін айналасы бір тәуліктің ішінде қарамақшы. Өйткені, тергеу кезінде қинап жауап алу, ұрып-соғып мойындату осы кезеңде болады екен.

“Оларды қинап мойындатуға әрекеттер болуы мүмкін. Сондықтан осы саланы қысқарту талап қойылып отыр”, – дейді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

Бұл жеңілдіктер аса ауыр қылмыс жасап, экстермистік-террористік әрекет жасағандар мен қасақана адам өлтірген, адам зорлаған қылмыстық топ мүшелеріне жасалмайды. Құзырлы орган бизнеске қысымды азайтуды да қолға алыпты. Адам өміріне қауіпті емес экономикалық қылмыс жасағандарды, яғни ұсақ парамен ұсталғандарды қамауға алмаймыз дейді. Жалған ақша жасап, контрабандамен, рейдерлікпен тұтқындалғандар ғана бұрынғыдай тергеу изоляторына отырғызылмақ. Сондай-ақ прокурорлар санкция беру тәртібін де жеңілдетпек. Тергеуші тек мемлекеттік айыптаушыға ескертіп қойса бұл құзыретті сот шешуі тиіс. Алайда, депутаттар бұл тағы да халықты кезекті әуреге салу деп есептейді..

“Бұл адамадарды әуре сарсаңға саламыз. Сен анаған бар мынаған бар деп. Не прокурор заңға жазуымыз керек шешеді не сот шешеді деп”, – дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев.

Прокурорлар тіпті істі электронды түрде жүргізіп, қылмыстық процесті сотқа дейін алақандағыдай бақылап отырмақ. Бұл жемқорлықты азайтып, тергеушінің де, бір жапырақ анықтама алу үшін сағаттап кезекке тұратын адамның да уақытын үнемдейді дейді.

Бас прокуратура ұсынған жаңа нормалардың бірі жасырын тергеу амалдарына байланысты. Бұрын құзырлы органдар телефон тыңдалса да айтпаған екен. Енді адам құқығын қорғау үшін алты ай ішінде әңгімеңіздің жасырын тыңдалғанын тергеушілер міндетті түрде сізге ескертетін болады.

 

Талқылау