AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі қанттың тек 7%-ы ғана отандық өнім – Ауыл шаруашылығы министрі

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев отандық қант өндірісіндегі мәселені шешу жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жыл сайын тұтынылатын қант мөлшері 532 мың тонна, оның тек 7%-ы отандық өнім. Бұл ұсақ тауарлы өндіріспен, суаруға қажет судың жетіспеуімен, зауыттардың ескіруімен, ресейлік өндірушілер тарапынан баға демпингімен байланысты", - деді Қарашөкеев. 

Министр сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу, егіс алқабын 14,5 мың гектардан 38 мың гектарға дейін үлкейту, техникамен қамтамасыз ету, қант зауыттарының құрылысы бойынша жобаларды іске асыру өнімділікті 323 мыңнан 1,8 миллион тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік беретінін айтады. 

"Қант өндірісі 7 есеге, 254 мың тоннаға дейін өседі, қант импорты 32% төмендейді деп күтіледі. Бұл ішкі нарықты отандық қантпен қамтамасыз етуде 7%-дан 43%-ға дейін ұлғайтады", - деді ол. 

Сөзінше, қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекет қолдауы қажет. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр