Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға жеке куәлігін ауыстыруға тура келуі мүмкін

Қазақстандықтарға жақын күндері жеке куәлігі мен төлқұжатын ауыстыруға тура келуі мүмкін. Ішкі істер министрлігі азаматтардың басты құжаттарының сыртқы түрі мен мазмұнын түзетуді жоспарлап отыр. Ендігі оларда қосымша саусақ іздері пайда болуы мүмкін, – деп хабарлайды ктк арнасы.

udv-e1442227259303

Мұндай реформа бастаушылардың пікірінше, биометрлік мәліметтер құжатты жасанды көшірме жасаудан анағұрлым сенімдірек сақтап, мемлекет шекарасынан өту мен тұлға сәйкестендіргішін көрсеткенде көрсетілетін  қызметтер тізімін кеңейтуді айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.  Сонымен қатар құжаттағы саусақ ізі арқылы құқық қорғау органдары лаңкес болуы мүмкін адамдардың қозғалуын тиімді бақылау, қылмыстың алдын алып, ашу мүмкіндігіне иеленеді. Және полиция қызметкерлеріне жоғалған адамдарды іздестіруде көмектеседі.

«Мұның із-түзсіз жоғалған адамды тапқан уақытта оны туыстарымен сәйкестендіріп, осылайша жеке тұлғасын анықтауға керек екені күмәнсіз. Бүгінгі күн ДНҚ-сәйкестендіру жеке тұлғаны қатесіз, жүз пайыз сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жүз пайыздық  жеке тұлғаны сәйкестендіру екені белгілі», – дейді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов.


Жіберіп алмаңыз:

Тест. Қазақстанның қай қаласында тұрғаныңыз дұрыс?

Атышулы істегі Аян Мейірбаевтың психикасы бұзылғаны анықталды

Босанған ана мен сәбидің таңғажайып аман қалуы: отаны Қазақстандық дәрігерлер жасаған

Баян Мақсатқызының бет-жүзі қалпына келе бастады

Талқылау