Елімізде төтенше жағдай: Ірі сауда ойын-сауық орталықтарында не болып жатыр?
Күні кеше мемлекет басшысы Қасы-Жомарт Тоқаев 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жариялаған еді. Оған сәйкес барлық ірі сауда орталықтары, кинотеатрлар, мұражайлар өз жұмысын тоқтатуы тиіс еді. Алматыдағы ірі "Мега", "Мега Парк" және "Есентай" сауда ойын-сауық орталықтары әлеуметтік желідегі парақшаларында өз жұмыстарын тоқтататынын хабарлағанымен, бүгін дәріхана, көлік жуу орындары мен супермаркеттер қалыпты режимде жұмыс істейтінін жеткізді. Stan.kz тілшісі сауда орындарына барып, жағдайдың қалай өрбіп жатқанын көріп қайтты.
Алайда төтенше жағдайлар кезінде салынатын тыйымға қарамастан, біршама сауда орталықтары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Тек әкімшілік тарапынан қосымша сақтық шаралары қабылданған.
Қазіргі таңда Алматы қаласындағы ең ірі сауда орталықтарының бірі "Mega Park"-ке келген әрбір қонақты есік алдында жіті бақылаудан өткізіп кіргізіп жатыр.
Күзет қызметі келген адамдардың дене қызуын арнайы құралмен тексеріп, қолдарына санитайзер себуде.
Сондай-ақ, төтенше жағдайдан кейін орталыққа келушілер саны әдеттегіден әлдеқайда азайған. Ал "Esentai Mall" орталығында арнайы текcеріс болмаса да, ғимараттың көп бөлігі жабық тұр.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді