Қазақстанда ТМД аумағында жұмыс істеген 1WIN букмекеріне қатысты тергеу басталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстанда заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған "1WIN" ұйымына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Агенттік мәліметінше ұйым Қазақстан аумағында ғана емес, сондай-ақ ТМД және алыс шетелде жұмыс істеген.
“Мыңдаған жерлестерімізді заңсыз ойын бизнесіне тартып қана қоймай, онлайн платформа букмекерлік қызметті тиісті лизенциясыз атқарған. Ақша қаражаты ғаламтор-эквайринг арқылы және аутентификациялаусыз қабылдануы, құмар ойындарға кәмелетке толмағандардың қатысуына да мүмкіндік берді”, – делінген жазбада.
Заңға сәйкес елімізде онлайн-казиноның қызметіне тыйым салынған, ал букмекерлік қызметтер тиісті лицензия болған жағдайда ұсынылады.
“Қазіргі таңда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы күдікті ретінде танылып, қажетті тергеу және жедел іздестіру әрекеттері жалғасуда. Қылмыстық процесстік кодекстің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды”, – деді агенттік өкілдері.