Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде теледидар мен радио уақытша өшіріледі

Қазақстанның барлық аумағында биылғы 10 наурызда сағат 03:00 мен 17:00 аралығында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.                                               

"2021 жылдың 10 наурыз айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - деді "Қазтелерадио" АҚ-да.

Айта кетейік, "Қазтелерадио"АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

"Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін "Қазтелерадио" АҚ кешірім сұрайды", - деді компанияда.

Талқылау