Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде таңбалау енгізілгеннен бері импорттық аяқ киімге төленетін салық көлемі 38 пайызға өсті

Қаржы министрлігі елімізде цифрлық таңбалау мен қадағалауды енгізу нәтижесінде ресми аяқ киім импорты 30%-ға өскенін мәлімдеді. Ал ҚҚС және кедендік баждар түріндегі импорттық аяқ киім өнімдеріне төленген салық көлемі 38%-ға жеткен.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда аяқ киімнің көлеңкелі айналымын азайту мақсатында 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстанда аяқ киім өнімдерін міндетті түрде таңбалау енгізілген болатын, сарапшылардың бағалауы бойынша бұл көрсеткіш 48%-ға жетеді.

Қазақстанда таңбалау және қадағалау жүйесі өнімнің үш тобына қолданылады: темекі, аяқ киім және 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды кезең-кезеңімен енгізілуде. Міндетті таңбалауға жататын өнім топтары көлеңкелі экономиканың жоғары деңгейі және халықтың денсаулығына жоғары қауіп сияқты критерийлер негізінде таңдалады.

Талқылау