Елімізде тағы бір мереке күні пайда болды
Қазақстанда тағы бір мереке күні бекітілді. Бұл - монополияға қарсы орган қызметкерлерінің күні, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Үкіметтің 2021 жылғы 30 наурыздағы қаулысымен Қазақстандағы мереке күндерінің тізбесіне толықтырулар енгізілді.
Осылайша, тізбе мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылды:
"Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің күні - 7 маусым".
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Талқылау
Пікір
Çàãðóçêà...