Елімізде соғыс ардагерлеріне жарты миллион теңгеден таратылмақ
9 мамыр Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жарты миллион теңгеге дейін бір реттік қаржылай көмек беріледі. Әр өңір өзінің шамасына қарай 150 мың мен 500 мың аралығында қаржы қарастырыпты, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Мысалы, ең жоғары көмекті астаналық ардагерлер алады. Әр өңір ардагерлерінің алатын ақшасының көлемі жергілікті кәсіпкерлердің жомарттығына да байланысты екен. Қазіргі таңда елімізде 2776 соғыс ардагері мен 158 мыңға жуық тыл ардагері қалған. Жеңіске 72 жыл толуына орай қарттардың бірде бірі қамқорлықсыз қалмайды.
“Жергілікті бюджет пен меценаттардың қаржылай көмегімен ардагерлерге жалпы сомасы 1 млрд 97 млн теңгенің бір реттік көмегі көрсетіледі. Оның 971 млны жергілікті бюджеттен, 125 млннан астамы демеушілердің ақшасынан”, – дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.
Жіберіп алмаңыз:
Астаналықтар көлік кептелісін болдырмау үшін жұмысқа бір жарым сағатқа ерте бармақ
Теңгенің тағы да құны түсіп жатыр
Шымкентте жоғалып кеткен 15 жастағы қызды жас жұбайлар пәтерде күшпен ұстаған
Санаулы күндері қалған жалғызбасты ана 4 баласы үшін уайымдап жүр