Елімізде шенеуніктерге арналған қызметтік көліктердің саны қысқарады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында қазақстандық шенеуніктерге арналған қызметтік көліктердің санын қысқартуды бұйырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Орталық органдардың басшылығы үшін автопаркті ұстауға айтарлықтай бюджет қаражаты жұмсалады. Мәселен, бір автомобильді ұстауға жылына орта есеппен 6 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалады", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, бірқатар елдерде жеке қызметтік көліктің орнына ақшалай өтемақы тәжірибесі енгізілген.
"Бұл тәжірибе бірқатар мекемелерде қолданылады. Атап айтқанда, елорда әкімдігінде. Мұндай тәсіл "Самұрық-Қазына" қорында сәтті сынақтан өтті. Бұл қызметтік автокөліктердің санын айтарлықтай қысқартуға және әкімшілік шығындарды 1,5 миллиард теңгеге азайтуға мүмкіндік берді.
Үкіметке президент іс басқармасымен бірлесіп, мемлекеттік органдардың басшыларын қызметтік автокөліктермен қамтамасыз етудің жаңа схемасы бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырамын, олар елеулі қысқартуды қажет етеді", - деді президент.