AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру ұсынылды

Мәжіліс "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" және кейбір заңнамалық актілерге Семей ядролық қауіпсіздік аймағы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

семей

Заң жобасының мақсаты – ластанған жерлерді тиімді басқару мақсатында Семей ядролық сынақ полигоны аумағында Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру.

Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, Семей полигоны жабылғалы бері бірқатар проблемалық мәселе анықталған.

"Бұрынғы Семей полигонының жері үш облыстың жергілікті атқарушы органдары қарамағындағы босалқы жерге жатады. Бұл бөгде адамдардың іс-әрекеттерін және осы аумақта болып жатқан оқиғаларды бақылауды қиындатады. Полигонның нормативтен тыс ластанған жерлерін оңалту және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмейді", - деді министр.

Бүгінгі таңда ластанған және таза аумақтардың аражігі ажыратылмағандықтан, жарамды жерлердің едәуір бөлігі пайдаланылмай отыр.

Осы проблемаларды шешу үшін Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру көзделіп отыр:

  • бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонындағы жұмыстардың орындалуына жауапты ұйымды тағайындау;
  • кешенді экологиялық тексеру және мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижелері бойынша нормативтен тыс радиациялық
  • ластанған аумақтардың және шартты таза жерлердің шекаралары мен ауданын айқындау;
  • ластанған жерлерде Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оларды уәкілетті ұйымға пайдалануға беру;
  • бұрынғы полигонның ластанған учаскелерін оңалту;
  • аймақ аумағында радиациялық жағдайға мониторинг жүргізу;
  • бұрынғы полигонның шартты таза жерлерін шаруашылық айналымға беру.

Полигонның нормативтен тыс ластанған жерлерін басқару жөніндегі уәкілетті ұйым ретінде энергетика министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы – Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығын тағайындау болжанып отыр.

Ақшолақов кәсіпорын 30 жыл бойы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, радиоэкология және ядролық инфрақұрылым объектілерін жою саласында ағымдағы қызметін жүзеге асырып келеді. Жоғары білікті персоналы, мамандандырылған жабдықтары, дамыған инженерлік-техникалық инфрақұрылымы мен қажетті рұқсат беру құжаттары бар екенін мәлімдеді.

"2008 жылдан бастап бүгінге дейін Ұлттық ядролық орталық полигон аумағының 100%-ін тексеріп, 2 миллионнан астам өлшем жүргізді, топырақтың 5000-ға жуық үлгісіне талдау жасады. Биыл тексеру материалдары мемлекеттік экологиялық сараптамаға жіберіледі. Содан кейін полигонның шартты таза және нормативтен тыс ластанған жерлерінің шекаралары айқындалады. Олардың болжамды ауданы сәйкесінше 8900 км2 және 9400 км2 құрайды", деді министр.

Ұлттық ядролық орталығына құрылатын аймақ аумағында ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету, радиоактивті ластанған жерлерді оңалту және олардың қаупін төмендету, тарихи радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу және радиоактивті ластану деңгейін мониторингілеу функциялары беріледі.

Сонымен қатар, Ақшолақовтың айтуынша, ядролық қауіпсіздік аймағы шегінде заң жобасында көзделмеген қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.

Бұл радиоактивті қалдықтардың арнайы аймақтан тыс жерлерге таралуына жол бермеуге және соның салдарынан халықтың сәулелену мүмкіндігін болдырмауға мүмкіндік береді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр