Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде сайлауға түсіп жатқан партиялардың дебаттан кейінгі насихат жұмыстарына шолу

Қазақстанда  парламент мәжілісі мен мәслихатының кезектен тыс сайлауына түсетін барлық кандидаттар мен партиялардың насихат жұмыстары жалғасуда. Сайлауға түсіп жатқан партия мүшелерінің дебаттан кейінгі агитациялық жұмыстары қалай өтті. Бір шолып шығайық.

"AMANAT" партиясы

Аманат партияя 2"AMANAT" партиясы Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Атырау облысына келді. Олар Мақат ауданының Доссор кентінде мұнай саласының еңбек ардагерлерімен және қоғам өкілдерімен кездесті.

Партия Төрағасы Ерлан Қошанов атап өткендей, ауданда 2 мыңға жуық адамды жұмыс орнымен қамтамасыз ететін газ өңдеу зауытын салу жоспарлануда. Сондай-ақ, партия ірі инвесторлардың бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаты бойынша облысты дамытуға қаражат құюын қадағалайды.

"Корпорациялардың үстеме табысы қатардағы қызметкерлерге лайықты еңбекақы төлеуге бағытталуы тиіс. Біз біліктілігі шетелдіктермен бірдей қазақстандық мамандарға олармен тең еңбекақы төленуіне қол жеткіземіз", – деп атап өткен Ерлан Қошанов.

Үгіт-насихат науқаны басталғаннан бері 12 күн ішінде аманаттықтар 1 288 000 қазақстандық қатысқан, 13 100 іс-шара өткізген.

Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне сайлаушылардың 10400-дан астам ұсыныс-пікірі келіп түсіпті.

"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы

Дайраабев 2"Ауыл" партиясынан Абай облысы  бойынша облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар 2 наурызда облыс орталығы Семей қаласында "СемАЗ" ЖШС еңбек ұжымымен кездесуі өткізді.

"Ауыл" партиясынан түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттармен кездесуге партия белсенділерімен қатар жүзге жуық жұмысшы қатысқан. Жергілікті мәслихаттарға кандидаттар жиынға қатысушыларға "Ауыл" партиясы сайлауалды бағдарламасының бағыттарын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

"Ауыл" партиясы елді  аграрлы-индустриялы державаға айналдыруды көздейді. СемАЗ сияқты отандық зауыттардың пайда болуы, техникаларды жинастыруды қолға алуы жақын болашақта өз техникамыздың пайда болатынының алғышарты. "СемАЗ" кәсіпорнының жұмысы – өте маңызды жұмыс. Бұл көпке үлгі. Зауытта еңбек адамы, оның ішінде қоғам қозғаушысы – жұмысшылар  қалыптасуда.  Біз еңбек адамына ерекше құқықтық мәртебе беруге қол жеткізу үшін күресеміз", - деді жиналғандар алдында сөз алған "Ауыл" партиясынан жергілікті мәслихатқа кандидат Серік Байғалиев.

Жиын барысында кандидаттар жұмысшылар сауалына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Жиыннан кейін кәсіпорын жұмысшылары "Ауыл" партиясының құрметіне бүйіріне партияның сайлаудағы "Ауыл – төрге шықсын!" басты ұраны жазылған 8 самосвалды конвейерден шығарған.

"Respublica" партиясы

Республика агитация 2Respublica кандидаттары кондитер фабрикасының жұмысшыларымен кездесті.

Бұл партия өкілдерінің Қостанай облысындағы екінші күні. Мұнда ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың ұжымдарымен кездесулер өтіп жатыр. Бүгін белгілі "Баян сұлу" кондитерлік фабрикасының қызметкерлеріне партияның сайлауалды бағдарламасы мен идеялары айтылған.

Қостанай облысындағы "Баян сұлу" кондитерлік фабрикасының еңбек ұжымымен кездесу барысында партияның тең төрағасы Динара Шүкіжанова әрбір саналы адам дауыс беруге қатысуы керектігін атап өткен.

"Дауыс беру күні біз жай ғана келіп, "белгі қоя салу" ғана емес, жаңа саяси күштің қалыптасуына, өзгерістер үдерісінің басталуына әсер етеміз", - деді Шүкіжанова.

Қазақстан Халық партиясы

ЕртисбаевХалық партиясының республикалық үгіт-насихат штабының мүшелері Өскеменде тау-кен металлургия кәсіпорындарын аралап, еңбек ұжымдарымен кездесті.

Ұйым төрағасы Ермұхамет Ертісбаев кеншілердің тілегін тыңдап, жиналғандарға сайлау алды тұжырымдаманың негізгі тұстарын түсіндірген. Сондай-ақ насихат мүшелері ішкі істер министрлігінің жергілікті ауруханасына барды. Мекемеде облыстағы құзырлы органдардың 5 мыңнан астам қызметкерлері ем қабылдайды.

Сапар аясында кандидаттар жергілікті су электр станциясында да болды. Штаб мүшелері мекеменің техникалық жай-күйін өз көздерімен көріп, қызметкерлермен тілдесті.

"Осы алып нысан 70 жыл бұрын халықтың күшімен салынған. Әлі күнге дейін ел игілігі үшін қолданылып отыр. Жалпы осы өңірдегі қызметкерлердің еңбек жағдайымен танысып, оларды алаңдатқан түрлі сұрақтар бойынша пікір алмастық. Бір күннің ішінде бірнеше мекемеге ат басын бұрдық", - дейді партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев.

"Baytaq" Жасылдар партиясы

Байтак 2ҚР парламенті мәжілісіне депутаттыққа үміткер Абдрахметов Сапар мен Тараз қаласы мәслихатына депутаттыққа үміткер Барлыбаев Армат, Жамбыл облысы мәслихатына депутаттыққа кандидат Пралиева Айгүл сайлауалды үгіт-насихат бойынша Жуалы ауданының Қарасаз, Қарабастау, Билікөл ауылдарына барып, тұрғындармен кездесті. Жамбыл ауданының Айша бибі ауылына да барып, флаер таратты.

Қарасаз ауылында “Зелёный”, “Совхоз” көшелері асфальт жабындысын көрмеген. Қарасаз ауылының Атакент көшесінде әр жұма сайын қоқыстар тазаланғанымен, орман ағаштарының оталып, орманның ластанып жатқанын көрді.

"Ақ жол" партиясы

Ак жол 2Азат Перуашев бастаған Республикалық штаб мүшелері Алматы облысында кездесулер өткізді.

Партия жетекшісі мен Мәжіліс және жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар Алматы облысы Қарасай ауданындағы "KZ Recycling" ЖШС жұмысшыларымен кездесті.

"KZ Rezyzling" ЖШС ("Қазақстан Қағазы") – макулатураны қайта өңдеп, қатты картон, гофроқаптама мен қағаз өндіретін Орталық Азиядағы ең ірі компания. Соңғы бір жылда кәсіпорын бюджетке 20 миллиард теңгеге жуық салық төледі, мұнда 3 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді.

Кәсіпорынның "Ақ жол" партиясымен бұрыннан байланысы бар, 2012 жылдан бері барлық дерлік сайлауларда демпартиядан депутаттыққа үміткерлер қатарында осы компанияның басшылары мен қызметкерлері болды. Биылғы сайлауда да "Ақ жол" ҚДП Алматы қаласы мәслихаттары мен Алматы облысының аудандық мәслихаттарына ұжымның үш өкілін ұсынды.

Азат Перуашев бастаған республикалық штаб мүшелері көкпаршылармен кездесті. "Ақ жол" демпартиясының үгіт-насихат тобы Ақтерек ауылына барып, көкпар ойынынын тамашалады.  

"Ақжол" партиясының төрағасы Азат Перуашев ұлттық спортты дамытуға үлес қосып, жастар арасында көкпардың дамып келе жатқанына тәнті болып, өзінің жылы лебізін білдіріп, әр ауылдық округтен құралған командаларға сәттілік тіледі. 

Сондай-ақ, партия төрағасы ұлттық спортқа алдағы уақытта "Ақжол" партиясынан қолдау болатынын айтып, оны одан әрі дамытуға барынша күш-жігерін салуға өз септігін тигізетінін де жеткізген.

"Ақ жол" демократиялық партиясының үгіт-насихат тобының жұмысы Шымкентте жалғасты. "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев бастаған штаб өкілдерімен кездесуге Шымкент қаласының 360-тан астам азаматы келді.   

Кездесуге ҚР парламент мәжілісіне үміткерлер Қазыбек Иса, Әлімхан Абжанов, Станислав Пыхарев және жергілікті мәслихат депутаттығына үміткерлер, партия белсенділері мен БАҚ өкілдері  қатысты.

Республикалық штаб мүшелері алдымен оларға сайлауалды бағдарламаның негізгі тұжырымдарын таныстырды. 

Халықпен тілдесуді "ақжолдықтар" Жаңа талап ауылының 80-нен астам тұрғынымен кездесіп қорытындылады.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы

ЖСДП 3

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының республикалық штабында жиын өтті. Депутаттыққа үміткерлер сайлауалды науқанын жүзеге асыру бойынша бағдарламасы мен аймақтарға іс-сапар сапарын тағы бір пысықтаған.

Қазір партияның ел аумағындағы барлық штабтары жұмыс істеп тұр. Ұйымның үгіт-насихат парақшаларын таратуға мыңнан астам ерікті жұмылдырылған. 

Бүгінге дейін партия мүшелері 300-ге жуық іс-шара өткізген. Енді оның санын 500-ден асыру жоспарланып отыр. 

Партияның сайлауалды науқан аясындағы кездесулері Түркістан өңірінде жалғасқан. Парламенті мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидат Абдукамал Ашимбеков жергілікті Кентау трансформатор зауыты ұжымымен кездесу өткізген.

Талқылау