Елімізде осал топтар үшін 11 мыңдай пәтер сатып алынады
Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үйге орналастыру үшін биыл 10 878 пәтер сатып алу туралы шешім қабылданды. Көп балалы және аз қамтылған отбасылар үйді ұзақ мерзімді жалға ала алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жалға берілетін пәтерлерді сатып алуға 105,2 млрд теңге бөлінді. Тағы 12,1 мың пәтер үшін 158,5 млрд несие жұмсалады.
Ипотекалық мемлекеттік бағдарламаларға жеті мыңға жуық қазақстандық қатыса алады.
“Биыл тұрғын үй қарыздарын беру үшін 71,9 млрд теңге қарастырылған. Отбасы банк "2-10-20" ипотекалық бағдарламасы бойынша 3176 қарызды және "5-10-20" бағдарламасы бойынша 3610 қарызды іске асыруды жоспарлап отыр, – деп мәлімдеді ИИДМ баспасөз қызметі.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”