Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұнай бағасы тағы да өсе ме: Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстайтынын айтты

Фото: freepik.com

Энергетика министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстанда мұнай бағасы өсе ме деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов әзірге болжам жасай алмайтынын айтты. Себебі әлемдік мұнай бағасының конъюнктурасы күн сайын өзгеріп отырады дейді.

“Біз тұрақты тексеріс жүргізіп, болжам жасауға маманданған түрлі агенттіктермен жұмыс істейміз. Себебі Энергетика министрлігі ретінде біздің негізгі назарымыз ішкі нарықты қамтамасыз ету. Үздіксіз мұнай өндіруді сақтау, өндіріс жоспарын орындау, экспорттық бағыттарды дамыту. Сонымен қатар ел ішіндегі тасымалдау мен мұнай өнімдерін өңдеуді қамтамасыз ету. Бағаның құбылып тұратыны түсінікті. Қазір Ұлттық банк, Қаржы министрлігі және Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері бірнеше рет пікір білдірді. Сондықтан әзірге нақты болжам жасауға асықпаймыз”, – дейді вице-министр.

Вице-министр әзірге тек жағдайды бақылап отыратынын жеткізді.

Сонымен қатар Жаркешев мұнай бағасының қымбаттауына байланысты еліміз қанша пайда көрді деген сауалға жауап берді.

Мұнай мен доллар бағасы құбылып тұр: Сарапшылар Иран мен АҚШ келіссөзінің Қазақстанға әсері туралы айтты

Мұнай мен доллар бағасы құбылып тұр: Сарапшылар Иран мен АҚШ келіссөзінің Қазақстанға әсері туралы айтты

Оқыңыз

“Жалпы, мұнай экспорты көбіне спот-нарықта емес, орта және ұзақ мерзімді келісімшарттар негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан мұндай келісімшартының өз ерекшелігі бар. Мұнай бағасының күрт өсуі табысқа бірден әсер ете қоймайды. Әрине оң әсер міндетті түрде болады. Бірақ әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мұндай өзгерістердің нақты нәтижесі шамамен жарты жылдан кейін байқалады”, – деді Санжар Жаркешов.

Айта кетейік, бұған дейін Трамптың Иранмен атысты тоқтату мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы төмендегені туралы жазған едік.

Нұрила Жұмаділлә
Бейсенбі, 09 Сәуір, 2026 11:36