Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде мемлекеттік қызметкерлер қай күні спорттық киім кие алады?

Мемлекеттік қызметшінің сырт келбеті – мемлекеттік аппарат беделін нығайтудың ажырамас бөлігі.

2913459

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Ішпекбаев қай кезде мемлекеттік қызметші жұмысқа жай киіммен келе алатынын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik.

“Біздің пікірімізше, мемлекеттік қызметші қызметі бойынша қажет болған кезде, демалыс күні орталық мемлекеттік органға джинс, спорттық аяқ киім киіп келгені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылмауы тиіс”, — деп жауап берді агенттік төрағасының орынбасары.

Дегенмен, Ішпекбаев назар аударып өткендей, Этикалық кодекс қағидаларына сәйкес, жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер моральдық-этикалық нормаларды сақтап, бейәдеп мінез-құлық көрсетпеуге міндетті.

Тағы да оқыңыз:

Ұлымен бірге подъездегі қоларбаны ұрлап кеткен әйел видеоға түсіп қалды

Кімге күлдік, Николас Кейджге ме, әлде қазаққа ма?

ІІД: Алматыда ұсталған элиталық жезөкшелер ЖОО студенттері болып шықты

Талқылау