Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін білу қашан міндеттеледі

Еліміздің Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов мемлекеттік қызметкерлер үшін қазақ тілін білу қашан міндетті болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Freepik.com

Азамат Жолманов ел конституциясында әрбір қазақстандыққа мемлекеттік қызметке түсуге тең мүмкіндік берілгенін алға тартты.

"Мұнда ешкімді тілге, дінге немесе ұлтқа байланысты кемсітуге болмайды деп жазылған. Мемлекеттік қызметке тапсыру кезінде кандидат қазақ тілі бойынша тест тапсырады. Бірақ конкурстық комиссия оның нәтижесін тек ұсыныс ретінде қарастырады. Мемлекеттік қызметкерлер қазақ тілінде хаттармен және құжаттармен жұмыс істейді. Бұл мәселе көптен бері көтеріліп келеді. Біз ведомство ішінде бұл мәселені қалай шешуге болатынын талқылаймыз", – деді ол.

Журналисттер Азамат Жолмановтан егер бұл тек ұсынымда қаралса, қазақ тілі бойынша тест өткізудің орындылығы туралы сұрады.



"Енді жаңа іріктеу жүйесінде үміткер ұпай саны бойынша жеңімпаз ретінде анықталады. Яғни, комиссияның шешімі ескі жүйедегідей ультиматум ретінде қабылданбайды. Комиссия өз балын қояды, бірақ қорытынды шешім жалпы балл бойынша шығады. Бұл тест біздің дерекқорға енгізілген. Оған бюджеттен қаражат бөлінбейді", – деп жауап берді Жолманов.

Оның айтуынша, ведомство ішіндегі талқылау нәтижелері алдағы бір-екі жылда белгілі болады.

Талқылау