Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар заңды түрде ЛГБТ насихатына тыйым салу жобасын қайта мәжілісте қарамақ

Фото: parlam.kz

Елімізде ЛГБТ-ны насихаттауға заңмен тыйым салынуы мүмкін. Мәжіліс мінберінде депутаттар қозғалыстың жұмысын шектейтін құжат дайындауға кірісті. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин осылай мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Депутаттың айтуынша, мұндай ұйымдар ұлттық құндылықтарымызды таптап, ұрпақ тәрбиесіне қауіп төндіреді.

"Бір ақпараттарға сүйенсек, бұл – бізге сырттан егілген идеологиялық ағымдар. Сырттан қаржылдырылады. Бұнің өкілдері USAID АҚШ халықаралық даму агенттігі және басқа ұйымдар болып отыр. Олардың артында батыс елдерінің ұстанымдары тұр, адам құқығы деген мәселені желеу етіп, соны біздің қоғамға егіп жатыр. Мақсаты халықты деградацияға ұшыратып, әрі қарай біздің қазба байлықты жұлып алу. Сондықтан біз мемлекет, ел болып дамимыз десек, бізге халық керек. Халық ондай орентацияда көбеймейді. Бір жыныстық қатынастан бала пайда болмайды. Сондықтан бұл бізге әдейі жасалып жатқан шабуыл деп есептеймін", – деді депутат. 

Жаңбыршин сонымен қатар жасөспірімдердің ЛГБТ ағымдарына еліктеп, кіріп кетуіне олардың санасының әлі қалыптаспауы себеп екенін айтады.

"Бұғанасы қатпаған жасөсіпірімдер осындай ағымдарға тез кіріп кетеді. Насихаттаушылар олардың психологиялық-эмоциялық жағдайын есккеріп, осы аудиторияға мақсатты жұмыс істейді. Біз осы заңға өзгеріс енгізгенде балалар құқығын қорғау, денсаулығын қорғау туралы заңдарға кіріп жатырмыз. Себебі жетілген, отбасы бар адам ондайға бара бермейді. Америкалықтар мен канадалықтардың 13-24 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастарға жүргізген тәуелсіз соңғы зерттеуі бойынша Канадада олардың 25%-ы, Америкада 40%-ы 3-4 есе гетеросексуалдарға қарағанда суицидке бейім екен. Себебі адам өзінің бағдарын жоғалтып алады", – дейді Жаңбыршин.

Мәжілістің жұмыс тобы бір жынысты некені мен педофилияны насихаттауға тыйым салу жөніндегі түзетулерді мақұлдады. Енді олар төменгі палатаның пленарлық отырысына шығарылмақ.

Түзетулер Қазақстанның тоғыз заңының мазмұнына әсер етеді. Оның ішінде балалар құқығы, жарнама, байланыс, мәдениет, білім беру, балаларды зиянды ақпараттан қорғау, кинематография, онлайн-платформалар және бұқаралық ақпарат құралдары туралы нормалар бар.

Жұмыс тобының жетекшісі, депутат Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, "бір жыныстық бағдарды насихаттау" термині оң қоғамдық пікірді қалыптастыру мақсатында қоғам алдында, БАҚ және онлайн-платформалар арқылы тиісті ақпаратты таратуды білдіреді.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 29 Қазан, 2025 12:50