Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлерге несиесін төлеуді кейінге қалдыруға болады

Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігінде қуаңшылық орын алды. Фермерлердің айтуынша, өнімдер қурап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

құрғақшылық

Көрші елдерден алынған су да жетіспейді. Үкімет несиелік компанияларға құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлерге несие беруді қарастыруды ұсынды.

Фермерлер әдеттен тыс ыстық кезде аймақтарда төтенше жағдай режимін жариялауды сұрайды. Себебі Жамбыл облысында 50% өнім, яғни бес мың гектар қант қызылшасы қурап қалды. Фермерлер егінге миллиондаған қаражат салғандарын айтты.

“Фермерлер 1 гектар қант қызылшасына 500-ден 800 мың теңгеге дейін инвестиция салды және барлығының несиелері бар. Техника лизингке, қарызға алынды және биыл олар қарыздарын төлей алмайды. ТЖ режимін республикалық деңгейде жариялау қажет”, – деді Жамбыл облысы қызылша өсірушілер қауымдастығының төрағасы Саха Манатов. 

Қазақстан фермерлер қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, қуаңшылықта судың жетіспеушілігі сезіледі. Әрі мұнда көп мөлшерде ылғалды қажет ететін күріш өсіріледі. Сусыз топырақ тұздануы мүмкін.

Құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлерге несиені кейінге қалдыруға болады. Үкімет қарыздарды ұзарту мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

 "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі АҚ, Аграрлық кредиттік корпорация АҚ және “ҚазАгроҚаржы” АҚ зардап шеккен фермерлерге кредиттерді төлеу бойынша кейінге қалдыруға жәрдемдесу қажет”, – деді премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин.

Талқылау