Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Елімізде "Құдайы аста ысырапқа жол бермеу" құжаты қабылданды

Фото: ҚМДБ

Астанада өткен имамдар форумы аясында "Құдайы аста ысырапқа жол бермеу" құжаты қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құжат құдайы ас беруде қарапайымдылықты сақтау, шариғат пен ұлттық дәстүр үйлесімін қалыптастыру, қоғамда көрініс беріп отырған ысырапшылдық пен бәсекелестіктің алдын алу бағытында жол көрсетеді.

Оның аясында имамдар қазақстандықтарды: 

- отбасы құндылығын сақтауда, асыл дініміз бен салт-дәстүрімізде көрсетілген ер мен әйелдің өзіне жүктелген міндеттері мен ұрпақ тәрбиесіне бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуге;

- құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеуге, дініміз бен дәстүрімізді ұштастыра отырып, қарапайымдылыққа мән беруге;

- Қазақстан қоғамында дәстүрлі исламның орны мен құндылығын сақтау жолында ұлттық, рухани тұтастықтың тірегіне қызмет етуде белсенді болуға шақырды. 


Қазақстанда діни неке заңды некеге теңестіріле ме – Әділет министрі түсіндірді


Форумда, сондай-ақ "Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы" тұғырнамасы да қабылданды. Бұл құжат – отбасы институтының Исламдағы орны мен жауапкершілігін нақтылап, ата-ана мен ұрпақ арасындағы байланысты нығайтуды, иманды, тәрбиелі әрі білімді ұрпақ өсіруді басты мұрат еткен тұғырлы ұстаным.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда діни материалдарды маркетплейсте сату заңнамалық тұрғыда реттелетінін жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 14 Мамыр, 2025 19:29
Талқылау