Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде қосалқы бөлшек ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру құжатына келесі аптада қол қойылады

Елімізде қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру жобасы Үкіметтің қарауына енгізіліп,  оған келесі аптада қол қойылады деп күтілуде деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көліктер

Ақпарат Polisia.kz сайтында жазылды. Дерекке сүйенсек, жақын күндері елдегі автоконструкторларды тіркеуге алу толықтай заңдастырылмақ. 

“Үкімет қаулысына қол қойылғаннан кейін бірінші ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң ол қолданысқа енгізіледі. Содан кейін біз автоконструкторларды тіркеуге алуға кірісеміз”, – дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Сонымен қатар Қайсар Сұлтанбаев 23 қаңтардан бері 200 мыңға жуық автокөлік заңдастыруға мақұлданғанын, әрі оның ішінде 100 мыңнан астам көлік құралы толықтай қазақастандық тіркеу нөмірін алғанына да тоқталған.

Талқылау