Соңғы жаңалықтар

Елімізде коронавирус жұқтырған жағдайы ауыр науқастар саны көбеюде

Жағдайы ауыр науқастар санының көбеюі туралы Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол коронавирус жұқтырған науқастардың басым бөлігі жасы үлкен адамдар екенін атап өтті. Оның ішінде созылмалы аурулары бар науқастарға коронавирусқа қарсы тұру қиын болып жатқаныны жеткізген. 

"Біз ауыр науқастар санының өсуі - бұл қант диабеті, артериялық гипертензия, жүрек аурулары сияқты қосымша аурулары бар науқастардың көбеюімен байланысты деген қорытындыға келдік. Сондай-ақ аурудың ауырлығы мен науқастардың жасы арасындағы байланысы анық байқалады. Жай-күйі ауыр және өте ауыр пациенттердің арасында 80%-дан астамы 60 жастан асқан адамдар (8,8%) құрайды", - дейді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Қамалжан Надыров коронавирустың ауыр түрімен ауырып жатқандарды емдеу үшін өзінің қанын тапсырған. Осылайша дәрігерлер плазма арқылы емдеу жолын қолдануды бастап кетті. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр