AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде көпбалалы аналардың тең жартысының банкте берешегі бар боп шықты

Қазақстандық көпбалалы аналардың тең жартысының банкте берешегі бар. Алтын құрсақты жандар мұндай қадамға шарасыздықтан барамыз, дейді. Себебі, қолдарына түсетін тиын-тебен балаларды асырап-бағуға мүлде жеткіліксіз. Ал сарапшылар мемлекет толықтай қаржы орталықтарының көзін жоймайынша, халықтың жағдайы мүлде түзелмейтінін алға тартады.

Елімізде көпбалалы аналардың тең жартысының банкте берешегі бар боп шықты

Бүгінде басында несиесі жоқ тұрғын некен-саяқ. Орта есеппен алғанда, әрбір үшінші ел азаматының банк алдында қарызы бар. Біреу емес, бірнешеу. Мәселен Ұлданай есімді көпбалалы ана бір емес, екі бірдей банкке қарызбын, дейді. Айлығы шайлығына жетпейтін алтын құрсақты ана оны жабуға, тіпті балаларын асырауға да ақша таба алмай жатқанына налиды, деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы».

«Басымда несием бар. Екі несие алып едім. Соған көмектессе. Азық-түлік жағынан қиналып қалдық. Сосын жүгіріп барып ала қойғам. 20 мың алғанмын ол кезде. Тамаққа ақша жетпеген соң, 7 балам аш қалмасын дедім. Төлей алмай қалдым, бір жыл болды, өсті ме, өспеді ме білмеймін. Үйде отырып қалғаныма бір жарым жыл болды. Балалардың ақшасы жетпейді, 50 мың теңге пәтерге төлеймін. Қалған ақша жеті баладан артылмайды», – дейді көпбалалы ана Ұлданай Қарабаева.

Қазір көпбалалы аналардың жартысынан көбі банкке борышкер екені мәлім. Алмасқа амал жоқ, дейді олар. Себебі жәрдемақы мардымсыз. Ал қалада бәрі қымбат. Десе де қоғам белсенділері 5-6 баласы бар отбасыларды несие алмауға шақырады. Өйткені көбіне халық келісімшартты толықтай оқымайды. Салдарынан үстемақысы қалай өсіп кеткенінен бейхабар болып қалады. Ал экономист Мұхтар Тайжанның сөзінше, борышкерлердің санын азайту үшін  мемлекет толықтай мұндай несие орталықтарын жауып тастағаны дұрыс. Себебі…

«Мұндай отбасылар неге несиеге барады? Кедейшіліктен. Айттым ғой, мемлекетте мұндай несиелерді түгелдей жауып тастау керек. Ол банктердің жұмысы ғой, бірақ біздің елімізде 6 миллон адам несие алғаны бар. Ол өте көп. Яғни Қазақстан азаматтарының  көбісінің несиесі бар деген сөз. Яғни ол кедейшілік деген сөз», – дейді экономист  Мұхтар Тайжан.

Жалпы, мамандардың сөзінше, өлместің күнін кешіп жүрген көпбалалы аналар бала-шағасының қамы үшін амалсыздан несие алып беретін делдалдардың көмегіне жүгінеді. Өйткені басында бірнеше қарызы бар жандарға банк сенімсіздікпен қарайды. Ал делдалдар әп-сәтте қол ұшын беруге әзір. Тіпті, ғаламторды ашып қалсаңыз несие алып беремін деген жарнамадан көзіңіз сүрінеді.

Ал заңгерлер делдалдар арқылы несие алу қауіпті екенін ескертеді. Себебі, ең бірінші, сіз өзіңіздің құжатыңызды мүлде танымайтын азаматқа бересіз. Екіншіден, оның сізге ақшаны толықтай қолыңызға беретініне кепіл жоқ. Сондықтан да мұндай азаматтардан мейілінше абай болған жөн.

«Халық сауатсыз болғандықтан қандай пайыздық мөлшерлемемен беріліп жатыр, қандай мөлшерде төленеді, оны білмейді. Жай халық онымен таныспай, көптеген жағдайға түсіп жатады. Яғни алаяқтардың арбауына ұрынбас үшін, ең бірінші сол делдалдардың келісімшарттарымен абайлап танысу керек», – дейді заңгер Думан Дүйсенбаев.

Есептесек, несие алып,  уақытында төлемеген қазақстандықтардың қарызы бүгінде  1 трл 2 млн теңгеге өскен. Бұл тек ресми статистика. Ал делдал арқылы рәсімдеп, ақшасынан қағылғандардың саны тіпті белгісіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр