Елімізде көктемнің алғашқы күндерінде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер көктемнің алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. "Қазгидромет" мәліметіне сүйенсек, еліміздің оңтүстік аймақтарында жауын жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Көктемнің алғашқы күндерінде елімізде тұрақсыз ауа райы болжанып отыр. Қазақстанның солтүстігінде қар мен боран жауады деп күтіледі. Ал оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнаюы мүмкін.
Сондай-ақ республика бойынша тұман мен көктайғақ болжанады. Батыста ауа температурасы күндіз 2-15 градус жылы, ал түнде 2-10 градус аяз күтіледі. Ал шығыс пен орталық бөліктерде термометр бағаны күндіз 0-10 градус аязды көрсетсе, түнде 15-20 градусқа дейін төмендейді.
Елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде күндіз 5-15 градус жылу, түнде 0-8 градус аяз күтіледі.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ