Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде қылмыс жасады деген күдікке ілінген екі мыңнан астам адам іздеуде жүр

Елімізде қылмыс жасады деген күдікпен 2372 адам іздеуде жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бас прокуратура өкілдерінің мәліметінше, олардың 510-ы алаяқтық, 318-і ұрлық жасаған деген күдікке ілінген. Адам өліміне қатысы бар 146 адамға іздеу жарияланған.

Қашып жүргендердің ең көбі Алматы қаласынан. Онда іздеуде жүргендердің саны – 514. Астанада 185, Шымкентте 155, Алматы мен Қарағанды облыстарында 140-қа жуық адамға іздеу жарияланған.

Ал елімізде із-түссіз жоғалып кеткен азаматтардың саны 11 мыңға жуықтаған. Олардың 77%-ы – 30-49 жас аралығындағы ер адам.

Талқылау