Елімізде кейбір банктер бірнеше жыл бойы несие рәсімдегендерден заңсыз комиссия алып келген
Еліміздің кейбір екінші деңгейлі банктері бірнеше жыл бойы несие рәсімдеген тұтынушылардан заңсыз комиссия алып келген. Мұны білген тұрғындар сот арқылы кеткен еселерін қайтаруда.
Мәселен, Ақтау қаласында арнайы заң мамандары тұтынушыларға тегін кеңес беріп жатыр. Заңгерлер келісімшарттарды қайта қарап, заңсыз комиссияны қайтару жолдарын көрсетті, деп хабарлайды Qazaqstan арнасы.
Мәселен, соңғы тоғыз айдың ішінде осы бағытта 1164 іс қаралып, 1024 іске қатысты шешім шығарылған. Несиенің көпшілігі көлік және тұтыну тауарларын алу үшін берілген. Былтырдан бері 2 млн. теңге заңсыз комиссия өндіріліп, тұтынушыларға қайтарылған.
Едіге Меденов, Ақтау қалалық №2 мамандандырылған сотының судьясы: – Өндірісте қаралып жатқан істердің ішінде «Казком», «Альфа банк» бар, кез келген кредит беретін ұйымдардың барлығында осындай ішінара келісімшарттар заңсыз деп танылды. Әйгерім Қалдықұлова, заңгер: – Заң бойынша 2016 жылдың бірінші шілдесіне дейін алынған несие болуы керек. Банкке барады, арыздарын жазады, комиссияларын сұрайды. Олардың хаттарын алып, жауаптарын алып, заң жүзінде сотқа жүгіне алады.
Тағы да оқыңыз:
Тоқаев: Атамбаевтың айтқан кезекті сыны тек екі елдің бірлігіне кесірін тигізуде
Дариға Назарбаева жаңа қызметке тағайындалды
Динара мен Тимур Құлыбаевтар Казком акциясын сатып алуға рұқсат алды