Елімізде келесі оқу жылы қандай форматта жүзеге асырылады? Білім министрі айтты
ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1 қыркүйекте мектеп оқушыларының білім алу үрдісі қалай ұйымдастырылатыны жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Қашықтан оқыту уақыт талабы екенін түсінеміз. Бұл тақырып үйде білім алатын балаларға, сондай-ақ қыста ауылдық елді мекендерде жол ашылмағанда оқудан қалған балаларға қатысты. Осы орайда түрлі жағдай болып жатады. Сәйкесінше, бұл жағдайларда заманауи технологияларды көмегі тиіп, білім беру процесіне қолдау жасалады. Алайда бұл 1 қыркүйектен қашықтан оқуға көшіруді білдірмейді», - деді білім министрі.
Бұған қоса ол қашықтан оқытудың әлдеқайда тиімді екенін оқушылар да ұстаздар да түсініп отырғанын алға тартты.
«Білім беру процесі - ол тек ақпарат беру ғана емес. Бұл тұрғыда әлеуметтендіру, балалар арасында өзара іс-қимыл мен қарым-қатынас, тәрбиелік процесс секілді маңызды мәселе бар», - деп қосты Аймағамбетов.
Талқылау