Елімізде кедейлік шегі өзгереді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 19 мамырдағы "Кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы" бұйрықты бекітті. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2023 жылы 1 шілдеден бастап кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на тең.
2023 жылы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге. Тиісінше, кедейлік шегі 28 397 теңге болады.
Осылайша, бұл көрсеткіш қазіргі уақытта қолданыстағымен салыстырғанда өзгермейді.
Бірақ 2025 жылы 1 қаңтардан бастап кедейлік шегі орташа табыстың 50% мөлшерінде айқындалады.
Бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді