Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде ішқұрылысы бітеу болып туылатын сәбилер қатары көбейген. Дәрігерлер себебін айтты

Елімізде ішкі ағзалары ақауымен туылатын балалар қатары көбейген. Өңеші, жіңішке ішек, тоқ ішектері бітеу, тіпті ішек-қарны ақтарылып дүниеге келетін балалар бар. Өткен жылы Алматыдағы бір ғана балалар ауруханасына 70 астам бала түсіпті. Көбіне бұл ақау шала туған балаларда кездеседі екен. Дәрігерлер барлық бүлдіршіннің өмірін сақтап қалған. Мұндай кемістік қалай пайда болады? Оның алдын алудың жолдары қандай?

Елімізде ішқұрылысы бітеу болып туылатын сәбилер қатары көбейген. Дәрігерлер себебін айтты

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Дәрігерлер өмірге келген шақалақтардың ішектері, қарны кейде бауырына дейін іш қуысына сыймай сыртына ақтарылып туылады, дейді. Медицина тілімен айтқанда “Гастрошиз” деп аталады. Шақалақ жатырда осылай қалыптасқандықтан туылғанда ішектері іш қуысына сыймай қалады екен. Дәрігерлер шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасудың нәтижесінде оны жинақтап арнайы қапқа салып, біртіндеп орнына қойып береміз, дейді.

«Бірінші ішектерін шустерға (қап) саламыз. Қапты іліп қоямыз. Ішектері өзінің салмағымен ішіне қарай түсе байстайды», – дейді балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Санатбек Әбдіманапұлы.

Екі апта бұрын өмірге келген бүлдіршіннің тік ішегі бітеу болып туылған. Анасы жүктілік кезінде баланың денсаулығында кінәрат болмағанын айтады. Туа сала “ішегі бітеу” деген диагноз қойылып, бірден ота жасалыпты. Дәрігерлер бітелген ішегін ашып, сыртқа шығарып берген. Бір жасқа толғанда ота жасап ішектері жалғанады. Оған дейін арнайы қаппен жүре тұрмақ.

«Бірінші жүктілік пен екіншісінің арасы жақын. Аяғым ауыр кезде балама қауіп төнді. Тұмауратқан кезім болған. Соның да әсері болды ма деп ойлаймын. Дәрігерлерге рахмет. Баламның өмірін сақтап қалді. Ертең үйге шығамыз», -дейді анасы.

Дәрігерлер өңеш, тік ішек, асқазан ішек қуысының бітеу болып туылу соңғы жылдары көбейіп кеткенін айтады. Өткен жылы перзентханалардан 70-тен астам бала жеткізіліпті. Бұрын денсаулығында осындай кінәраты бар сәбилер көп шетінейтін болса, қазір дәрігерлер Ресей, Израил мамандарымен тәжірибе алмасу арқылы оны емдеудің жолдарын меңгеріп, жүктілікті үзудің алдын алған.

«Соңғы кезде өлім-жітім күрт азайды. Қазір медициналық жаңа апараттар пайда болды. Лапараскоп, тарапаскоп дейміз, солардың көмегі өте зор. Өйткені малоинвазивті ота дейміз ғой, ота жасаған балалар оңай шығады», – дейді балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Санатбек Әбдіманапұлы.

Бір жарым жастағы Ұлықбек “гастрошиз” диагнозымен туылған. Дәрігерлер жүктіліктің үшінші айында ақауды анықтапты. Алайда балалар ауруханасы дәрігерлерінің көмегімен бүлдіршін өмірге келіп, өз қатырына қосылған.

«Бұл баланың дүниеге келуіне рұқсатымызды беріп, осы дәрігерлердің қабылдауында болып, дәрігерлер бұл диагноздың қандай қаупі бар екенін түсіндіріп, бұл жүктілікті тоқтатуға себеп емес екенін дәлелдеп айтып берді», – дейді қала тұрғыны Ұлан Сәтбаев.

Дәрігерлер жүктіліктің алғашқы үш айында келіншектерге барынша сақтанып, той-томалақ пен, жиындарға бармауға кеңес береді. Егер әйел адам осы кезеңде стресс алса немесе вирус жұқтыратын болса, ол тікелей баланың дамуына әсер етеді екен. Сау ұрпақты өмірге әкелгісі келсе ұялы телефонға көп әуестенбей, фаст-фуд өнімдерін тұтынбауға кеңес береді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр