Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Вирустың ағзаға енгені байқалмай қалуы да мүмкін": Елімізде гепатит жұқтырғандар саны бір жылда төрт есе өсті

Қазақстанда гепатитке шалдыққандар саны төрт есеге өсті. Көпшілігі жедел вирусты гепатит А диагнозы қойылған. Сарапшылардың айтуынша, В және С гепатиті симптомсыз өтетіндіктен, тіпті бұл ауруға шалдыққанын білмей жүре береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay

Қазақстан 2022 жылмен салыстырғанда 4 еседен астам өсті. 100 мың халыққа шаққандағы ауру саны 10 мыңнан асты.

Гепатит – бауырдың қабынуы, ол асқынса, түрлі ауруларды тудырып, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі – гепатиттің А түрімен күресіп жүргендер. Одан да қауіпті деп саналатын В және С вирусты гепатиттерін жұқтырғандар саны тек 4 пайыздан асты. Бірақ гепатиттің бұл түрлері симптомсыз болғандықтан, көпшілігі өз ауруы туралы тіпті білмей жүруі мүмкін. В және С вирустық гепатиттері жыныстық қатынас арқылы және инъекциялық препараттарды қабылдау кезінде жұғады. Кейде нашар зарарсыздандырылған маникюр немесе тату салондарында да жұғуы мүмкін.

“Гепатитпен ауыратындар саны көбейді. Вирустың ағзаға енгені байқалмай қалуы да мүмкін. Мысал, С гепатитін үнсіз өлтіруші деп атайды. Ол бауырға еніп, ақырындап бұза бастайды, бірақ адам оны мүлдем сезбейді. Тек 20-30 жылдан кейін ол цирроз сатысында болғанда байқалып, бауыр жеткіліксіздігінде анықталады”, – деді денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас гепатологы Күлпаш Қалиасқарова.

Ауруды тек арнайы қан анализінің көмегімен анықтауға болады. Мамандар С гепатитіне тапсыруды, жаппай скрининг бастауды ұсынып отыр. С гепатитінен айығуға болады, ал В гепатиті мүлдем емделмейді. Ал А гепатитін ерте анықтауға болады, себебі бұл кезде адамның дене қызуы көтеріліп, тәбеті жоғалады, көз бен тері сарғаяды. Сондай-ақ диарея болуы мүмкін.

Инфекция лас су, ластанған өнімдерден және науқаспен қарым-қатынастан жұғады. Сондықтан әрқашан қолды мұқият жуып, тағамның сапасын қадағалау маңызды.

“Бауыр өз қызметін атқара алмай қалғанда, зақымданған жасуша ақыры тыртыққа ұласады. Бауырдың функциялары – биохимиялық процестерге және метаболикалық процестерге қатысу. Яғни бауыр – денсаулығымызды анықтайтын сорғы. Тиісінше, тыртық тіндері анатомиялық тіндерді ауыстырғанда бауыр жұмыс істемейді. Тыртықтар өсіп, қан ағымы және қанның шығуы бұзылады”, – деп мәлімдеді медицина ғылымдарының кандидаты Әмина Кібішева.

Гепатитті жұқтырғандардың басым бөлігі Абай өңірінде, онда 100 мың тұрғынға шаққанда 32 мыңнан астам жағдай тіркелген. Одан кейінгі орында – Астана, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстары.

Талқылау