AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде ет бағасы тағы да қымбаттамақ – Сарапшылар

Қазақстанның ет одағы ет бағасының тағы да қымбаттауын болжап отыр. Қазірдің өзінде сиыр етінің бір келісі шамамен 4 мың теңге тұрады. Бұл бағалар әлі де өсуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Қазақстан ет тұтыну жөнінен әлемде небәрі 49-шы орында.

Сарапшылардың пікірінше, бағаның өсуі делдалдардың кесірінен болып отыр. Себебі олар кейде бағаны 50%-ға дейін көтереді. Нәтижесінде қарапайым сатушылар да шығынға батпас үшін үстеме бағамен сатуға мәжбүр.

“Адамдар көбінесе арзанырағын сатып алады. Мысалы, төс еті, қабырғалар деген секілді. Енді баға көтеріліп жатса, біз де аздап өсіреміз”,- деді сатушы Гүлжан. 

Күзге арналған болжамдар бойынша арпаның бағасы көтеріліп, ірі ет инвесторлары тапшы болмақ, отандық өнім бұрынғы деңгейінде қалып, теңге әлсірейді. Сарапшылардың пікірінше, мұның бәрі алдағы айларда шығынның өсуіне әкеледі.



“Біз Қазақстанды өзіміздің сиыр етімізбен толық қамтамасыз ете аламыз. Импорт та келіп жатқандықтан бұл да бағаға әсер етеді”,- деді Қазақстан ет одағының атқарушы директоры Асқар Жұбатыров.

Маман мемлекет жемшөп базасын ұлғайту шараларын қабылдамайынша, бағаның айтарлықтай төмендеуі байқалмайтынын айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр