Елімізде енді микроқаржы ұйымына қарызын 90 күн кешіктіргендерге қайта несие берілмейді
Енді микроқаржы ұйымдары төлемін 90 күн кешіктірген тұрғынға несие бере алмайды. Cыйақы мөлшерлемесі мен қарызды өтеу тәсілін біржақты тәртіппен өзгертуге де тыйым салынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Микроқаржы ұйымдарының жұмысына қатысты бірнеше өзгерістер енгізілді. Қарызын 3 ай төлемегендерге қайтадан несие берілмейді.
Тағы бір шектеу өсімпұлды есептеу мерзіміне қатысты болып отыр. Себебі қаржы ұйымдары 3 айдан асқан соң есептелген айыпақыны талап ету құқынан айырылады. Бастысы, микроқаржы ұйымдарына берешекті өндіру үшін жеке сот орындаушыларымен ынтымақтастық орнатуға болмайды. Бұл тәртіп нотариустарға да қатысты қолданылады.
Сондай-ақ тұтынушының келісімінсіз қарыз беру шартының қолданыс мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік беретін норма күшін жояды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"