Елімізде еңбек өтілі 30 жылдан асқандардың зейнетақысы екі есе артады
Бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова халықты әлеуметтік қорғау жағдайы мен Үкіметтің әлеуметтік саладағы жоспарлары туралы ақпараттандырды.
Светлана Жақыпованың айтуынша, Үкіметтің әлеуметтік сала бойынша жүргізіп жатқан жұмысы мемлекет көмегін алушы барлық тараптар үшін міндеттер ауқымын жүзеге асыруда кешенді әрі жүйелі көзқарасты қажет етеді, деп хабарлайды Вnews.kz
«Бүгінде екі миллион қазақстандық зейнеткер өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға өскен зейнетақы алып үлгерді. Ал келесі жылдан бастап, 460 мың мүгедек үшін жәрдемақы инфляцияға қатысты жыл сайынғы индексациядан тыс, 16%-ға өседі. Жекелеген азаматтар санатына жәрдемақыны өсіруден бөлек, әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғыртуды және де көбінесе жария айтыла қоймайтын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегушілер, сотталып келгендер, белгілі бір тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғалар сынды топтармен жан-жақты жұмыс істеуді жөн көріп отырмыз», – деді вице-министр.
Зейнетақы жүйесінің жаңғыруы
2017 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы мөлшері 14 466 теңгені, ең төменгі зейнетақы 31 245 теңгені құрап, 2017 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша базалық зейнетақы алушылар саны 2 116 609 адамды, ынтымақты зейнетақыны алушылар қатары 2 099 638 адамды межеледі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа тәсілін түсіндіру тұрғысында белсенді жұмыс атқаруда.
Қазіргі базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау тәсілі болса, жұмыспен қамтудың қағаз жүзіндегі түріне итермелейтіндіктен, әрі қарай барлық зейнетақы түрінің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімі мен азаматтардың жинаған қаржысына байланысты болады.
Қазіргі уақытта базалық зейнетақы зейнет жасына жеткендерге бәріне бірдей еңбек өтілін және зейнетақы жинағын қалыптастыруға қатысуды ескерусіз тағайындалады. Келесі жылдан зейнетақы жүйеге қатысу өтіліне қарай берілетіні көзделуде. Осы орайда 1988 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы аударымдарының түсу аралығы ғана есептілініп қоймай, 1998 жылға дейінгі де еңбек өтілі назарға алынатыны болжануда.
Мұндай әдіс, 30-40 жыл еңбек өтілі болса да, төмен зейнетақы алып отырған адамдарға қатысты әділдік орнататыны күтілуде. 1998 жылға дейінгі 33 жылдан асатын өтілі бар тұлғаларға немесе 1998 жылдан кейінгі өтілін ескере отырып, базалық зейнетақы ағымдағы көлемімен салыстырғанда екі есеге көбейеді. Егер бұл сома қазір 12 мың теңгені көрсетсе, 2018 жылдың 1 шілдесінен зейнеткерлердің аталған тобы ынтымақты және жинақтаушы зейнетақыға қоса, 28 мың теңгені иемденетін болады.
2018 жылдың 1 шілдесінен 2,1 млн зейнеткер үшін базалық зейнетақы 1,8 есеге жоғарылайды (44,7% ең төменгі күнкөріс деңгейінен 74% көп, 45,2% ең төменгі күнкөріс деңгейінен 100% көп алатын болады).
Сонымен қатар, қазіргі кезде, зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтардың зейнетке ерте шығу шаралары қарастырылған.
Егер жұмыскердің өзінің 1998 жылдан аударатын міндетті зейнетақы жарнасының сомасы, жұмыс берушілердің 2014 жылдан жасайтын жарнасы және ерікті зейнетақы аударымдарының сомасы зейнетақы аннуитетін сатып алуға жеткілікті болса (ер адамдарға – 7 098 035 теңге, әйелдерге – 9 890 035 теңге), онда ол азамат зейнетке 50 жасында шыға алады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дерегіне қарағанда, мұндай құқықты зиянды еңбек жағдайындағы 640 адампайдаланған. 2019 жылға таман тағы 1000 адам сәйкес аннуитетті сатып алуға қажетті қорға ие болады.
Жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек
2018 жылдың 1 қаңтарынан, Елбасының Ұлт жоспары аясындағы тапсырмасына сай, Қазақстан атаулы әлеуметтік көмекті көрсетудің жаңа сипатына көшеді.
Бұл тұста барлық еңбекке жарамсыз, мемлекет қолдауына мұқтаж азаматтардың барлығы 2018 жылдың 1 қаңтарынан сомасы көбейген жәрдемақы алатыны жоспарлануда.
Еңбекке қабілетті азаматтарға әлеуметтік қолдаудың 2 пакеті қамтамасыз етіледі – бұл атаулы әлеуметтік көмек және жұмыспен қамту бағдарламасына қатысу талабымен мемлекет есебінен оқу, шағын несие алу, еңбек ресурстары тапшы өңірлерге қоныс аудары мүмкіндігі.
Жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекке дайындық шеңберінде, Қазақстанда міне төртінші жыл «Өрлеу» жобасы іске асырылуда. Қанатқақты өңірлерде жоба өз тиімділігін дәлелдегендіктен, бүгінде онымен барлық облыстар қамтылуда.
Барлығы бюджетте «Өрлеу» жобасын жүзеге асыруға биыл 7,1 млрд теңге қарастырылған. Жылдың алғашқы жартысында жобаға қатысқан 107087 адамның 95%-ы жұмыспен қамтылды. Жобаға қатысушылардың жан басына шаққандағы орташа табысы 4949 теңгеден 15 325 теңгеге өсті. Тұрақты жұмыс орындарына жобаның барлық еңбекке қабілетті қатысушыларынан 73,3%-ы орналасқан.
Осылайша, жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу арқылы, әлеуметтік жәрдемді алушылардың жауапкершілігі күшейіп, жұмыс іздеу мен өзін қамтудағы ынтасы жоғарыламақ. Сондай-ақ, аз қамтылған азаматтардың ел экономикасы мен қоғам өмірін жақсартуға атсалысуы ширамақ. Нәтижесінде бұның бәрі азаматтардың тұрмыс-тіршілігін көркейтуге септігін тигізетіні көзделуде.
Әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту
Әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту 2009 жылдан бері жүргізіліп келеді. Реформа жемісі төмендегідей кейпін аңғартуда:
– азаматтардың қызмет көрсету ұйымын таңдау мүмкіндігі. Бұған дейін адамдарды 100-600 адам өмір сүретін интернат-үйлерге жіберетін болса, қазір аталған қызметтерді үкіметтік емес ұйымдар көрсетуде. Бүгінде 106 үкіметтік емес ұйым 6 мыңнан астам адамды қамтуда. Бұл қадамсыз мемлекет тағы 60 жаңа интернат-үй салуға мәжбүр болар еді;
– көптеген ата-аналар балаларын отбасында сақтап қалуға ниетті болғандықтан, мамандандырылған күндізгі бөлімшелер ашылды. Бүгінде бұрындары интернат-үйлерде болған алты жүзден астам бала отбасыларына оралып, қызметті күндізгі бөлімшелерді алуда;
– арнаулы әлеуметтік қызметтердің тегін көлемін алу құқығы жоқ азаматтар үшін қоса қаржыландыру мүмкіндігі ұсынылуда.
Қазіргі сәтте сұраныс күшейгендіктен, адам саудасы мен зорлық-зомбылық құрбандары, белгілі бір тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғалар сынды санаттарға арнаулы әлеуметтік қызметтер ауқымын кеңейту қажеттілігі туындады.
Осыған байланысты, «Болашаққа көзқарас: Қоғамдық сананы жаңғыруы» бағдарламалық мақаласы аясында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келесі бағыттарды қамтитын жаңа Әлеуметтік қызметтер жүйесін әрі қарай дамыту тұжырымдамасын әзірледі:
– ауылдағы қызметтер қолжетімділігін қамтамасыз ету. Себебі бүгінде үкіметтік емес ұйымдар негізінен қалаларда жұмыс істеуде. Бұл түйткілді тарқату үшін жеке секторды тарту көзделуде.
– жеке секторды тартуға қатысты қызметтер тарифі мен стандарттарды қайта қарастыру. Бұл қағидаттар мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелермен бірге, үкіметтік емес ұйымдардың нақты шығындарын ескере отырып жасалмақ.
Нарықтағы бәсекелестіктің күшеюі арқасында, Еңбекмині көрсетілетін қызметтердің сапасы көтерілетінін болжауда. Осыған қатысты жаңа стандарттар жасалып, кадрлар даярлау мен қайта даярлау жүйесі қайта сүзгіден өтпек. Бұдан тыс, қаржыландыру тетігінің өзгеруі арқасында, еңбекақыны ұлғайту мәселесі көтерілуде.
Еңбек министрлігі сарапшыларының талдауынша, алдағы уақытта әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңаша ұйымдастырылуы мемлекеттің, азаматтың және отбасының ынтымақтаса әрекеттесуіне арқа сүйемек.
Тағы да оқыңыз:
Хиджаб киген ұрлықшы қыздың әрекеті жұртты шошытты (видео)
Алматы облысының тұрғыны рак ауруын жеңіп шықты
Ақтөбе облысындағы мешіт Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың суретін таратқан (фото)