Елімізде дәрі-дәрмек бағасы реттелетін болды
Дәрі-дәрмек бағасын реттеу туралы заң жобасы осы айдың соңына дейін Үкімет қарауына жіберіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.
Оның айтуынша, құжат бөлшек және көтерме сауда кезінде препараттардың үстеме бағасын қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Заң жобасы кәсіпкерлердің өздерімен қызу талқыланды.
Ведомство басшысының айтуынша, болашақта елде дәрі-дәрмек импортының азаюы күтіліп отыр.
“Биыл біз 24 ұзақ мерзімді шартқа қол қойдық. Оған сәйкес, дәрі өндіретін жаңа зауыт іске қосылғаннан кейін 10 жыл бойы препараттарды сол жақтан сатып аламыз. Өндірістердің жанында 3 алаң саламыз. Ал бағаны реттейтін заң жобасы қабылданса, дәрі-дәрмек импортының тәуелділігі төмендеуі тиіс”, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Жіберіп алмаңыз:
Ғалымдар қазіргі уақыттағы балдың қандай зияны барын анықтап білді
Ғалымдар рак дертінен сақтанудың басты жолы анықтады
Мамандар артық салмақтан арылу үшін қара шайды қалай ішу керегін айтты
Қазақстанда 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцинаны жаппай егу басталады