Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде бір аптаның ішінде 5 адам тұмаудан көз жұмды

Жыл басталғалы бір аптаның ішінде елімізде өршіп тұрған тұмаудан бес адам көз жұмыпты. Вирустың қауіпті кезеңі ақпан-наурыз айларында тіптен күшейе түспек.

Дабыл қаққан бас санитар бүгін жұртты жұқпалы дертті үйде емдеймін деп асқындырып алмауға шақырды, деп хабарлайды 31 арна.

Дәрігерлер қыспен қатар келетін тұмаудан сақтанудың жолдарын тағы да қайталады. Жандарбек Бекшин түнде сарымсақ пен жуа жеп,  таза ауада көбірек серуендеуге кеңес берді. Ал, вирусты инфекцияны жұқтырып алсаңыз, төсек тартып үйде жатпай, бірден дәрігерге көріну керектігін айтты.

Өйткені, жұқпалы дертті өз бетімен емдеймін деп, асқындырып, арты өлімге апаруы мүмкін. Ата-аналар болса, тұмауды ешқашан антибиотикпен емдеуге болмайтынын естен шығармағандары дұрыс. Дәрігерлер вирустық инфекция қаңтардың соңы мен ақпанда асқынып, науқастар еселене түседі деп болжап отыр.

“Қазіргі таңда лабораторияда анықталған тек қана 30 жағдай тіркелді. Оның 58 пайызы В типі, 42 пайызы А типі”,  дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.

Тағы да оқыңыз:

Қалай ауырмауға болады: Тұмауға қарсы 7 тәсіл

Қарағандыдағы қос бүлдіршіннің өліміне базардан сатып алынған шұжық себеп болуы мүмкін

Ақтөбе әкімдігінің ғимаратынан ер адамның мәйіті табылды

Талқылау