Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде бес парызын бірден қажылықтан бастайтын жастар көбейген

Елімізде бес парызын бірден қажылыққа барудан бастайтындар саны көбейген. Мамандар қасиетті сапар сәнге айналғалы бері жастар намаздан бұрын Меккеге билет алуға құмартатынын айтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

кажылык мекке

Жастар иман келтіру, зікір айту, зекет беру, ораза ұстаудан аттап, бірден Мекеге табан тірейді. Соңғы кезде әнші, блогерлер арасында Умраға бару тенденциясы қалыптасқан. 

“Шамасы жеткен адамға өмірінде бір рет бару парыз болып есептеледі. Ал адам күнә жасамай тұрмайды. Ол кешірілуі үшін Умра жасалғаны да абзал. Екі қажылықтың және Умраның алдындағы тілектер қабыл болып, күнәлары кешіріледі. Көпшілік мүмкін сол үшін баратын шығар”,- деді Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы Бақытжан Өткелбаев.

Қазақтың қажылыққа ағылуы турфирмаларға таптырмас бизнес болды. 

  • Комфорт пакет 10 күнге – 1600 доллар
  • Комфорт пакет 14 күнге – 1950 доллар 
  • Рамазан айында арнайы бағдарлама мен дрістер, жетекшілік 14 күнге – 2600 доллар тұрады.

“Соңғы жылдары Умра сапарына барушылар саны артты. Айына 50-70 шақты, жылына 300-500-ге дейін адам барып жатады. Умра сапарының сауабы үлкен қажылықтың сауабымен тең. Сондықтан көпшілік рамазан айында, рамазанның соңғы он күндіктеріне таласып тармасады. Осыған орай билеттер де тез өтуде”,- деді турфирма өкілі Нұрсылтан Жақсыбаев. 

Әншілер арасында сәнге айналған қажылықтың жарнамасы жер жарғасын жастар да әуес болған. Абайтанушы Жандос Әубәкір тарихта бұл сапардың маңызы терең болғанын айтты.

“Құнанбай қажы атанып келгеннен кейін дүние ісімен мүлде айналыспайтын болған. Киіз үйдің ішінде шымылдығын құрып, діни кітаптарды оқып, өзінің барлық іс-әрекетімен Аллаға деген құлшылығын өле өлгенше жасап өткен. Яғни ол Меккеге барып келіп, қажы атанды сол қажылық қалыпты сақтады”,- деді Жандос Әубәкір.

Талқылау