Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде бензиннің қымбаттауы жүргізушілерді көліктерін тастауға мәжбүрлеп жатыр

Елімізде бензин бағасы тағы да қымбаттады. Ең өтімді сұйық отын АИ 92 маркалы жанармай құны 145 теңгеге дейін көтерілген. Астанада тіпті 149 теңгеден сатылып жатыр. Ал көлік жүргізушілерінен маза кеткен. Олар бензин құны әлі де өсеме деп алаңдаулы. Энергетика министрлігінің бұл мәселеге қатысты жұмған ауыздарын ашпауы күдікті қоюлата түскендей. Бұл туралы КТК хабарлайды.

3207755-1

Жүргізушілер үшін бүгінгі күн жағымсыз жаңалықтан басталды. Бензин құны тағы көтеріліп жатыр. Алматының жанармай бекеттерінде Аи 92 маркалы бензин 145 теңгеден сатылса, АИ 95 кей өңірлерде 160 теңгеге жеткен. Дизельдің де бағасы шарықтап тұр. Сұйық отын құнының күрт көтерілуі қарапайым халықтың ашуын тудырып отыр.

“Сатып жіберіп жылқы алатын шығармын. Жылқымен жүрген пайдалы. Мынандай бағаға бензин құйып айдағаннан гөрі”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Айтөрем Төленді.

Орталық Қазақстанда жағдай тіптен ушығып тұр. Астанада Аи 92 149 теңгеге қымбаттаса, Қарағандыдағы жанармай бекеттерінде 147 теңгеден сатылып жатыр. Тиісінше такси құны да бірден өскен.

“Бұл халықты қанау ғой. Қалада автобустың да бағасы шарықтап тұр. Енді бүйтіп қымбаттай берсе қоғамдық көлікке көшуге тура келеді”, – деді Қарағанды қаласының тұрғыны Дәурен Бердалин.

Батыс Қазақстанда да дәл осындай жағдай. Бекеттердегі баға жазылған сандар біртіндеп өзгеріп жатыр. Тұрғындар болса, сапасыз бензиннің бұншалықты шарықтауына не түркі болғанын түсінбей дал. Ал әкімдіктегілер бұған әсер еткен факторларды тізбектегеннен әріге барар емес.

“Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында жанар-жағармай көтерілген. Бұл екі фактор бойынша түсіндірледі. Облысымызда 60-70 пайыз жанармай Ресейнден алып келінеді. 20 пайыз Атырау зауытынан алып келінеді. Қазіргі уақытта Атырау жоспарлық жөндеуге тоқтады. Бұл 18-19 қыркүйекке дейін жалғасуы мүмкін деп болжап отырмыз”, – дейді БҚО әкімшілігінің энергетика бөлімінің басшысы Бейімбет Мусин.

Энергетика министрлігі де бұл мәселеге қатысты тұшымды жауап бермей отыр. Олар бензин бағасын қадағалау біздің жұмыс емес деп қысқа қайырды.

Деседе экономистер бағаның бұлай құбылуын жаңа жылдан бастап енгізілетін жаңашылдықтармен байланыстырып отыр. Қаңтардан бастап жанармай бекеттері арнайы есептеуіш құралын орнатуға міндеттелмек. Ол қанша бензин келіп қаншасы сатылғанын санап отырады. Көлеңкелі бизнестің алдын алуға бағытталған құрылғыны кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге алуы тиіс. Шығын көлемін толтыратын бір-ақ жол бар. Ол әрине қара халықтың қалтасы.

Оқи отырыңыз:

Латыншаға көшкеннен кейін төлқұжат ауыстыруға тура келе ме?

Қазгидромет дабылды ескерту жариялады

«Нұр Әлем» сферасының қандай мақсатқа пайдаланылатыны белгілі болды

Назарбаев: Мьянмадағы зорлық-зомбылықты тоқтатып, диалогты БҰҰ аясында жалғастыру керек

Талқылау