Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде бензин бағасы қымбаттады

Үкімет халық көп тұтынатын тауар түрлерін қымбаттатпау туралы тапсырма алмай жатып, бензин бағасы көтеріліп үлгерді, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

dc155dca7d24327f0f621353521a4ddf

Мұнай арзандаған сайын, қымбаттайтын жанармай бұл жолы да сол жүрісінен жаңылған жоқ. Ең өтімді бензин маркаларының құны бірден 3 теңгеге өскен.

Яғни, АИ-95 пен АИ-92 қымбаттап жатыр. АИ-95 бұған дейін149 теңге болса, бүгіннен бастап 152 теңге. Ал АИ-92-нің құны 129 теңгеге барған. Дегенмен, кейбір жанармай құю бекеттеріндегі сұйық отынның бағасы әлі өзгеріссіз тұр. Қымбатшылық себебін түсіндіретін әзірге бірде-бір шенді жоқ. Десе де, табиғи монополияларды реттеу комитеті мұның заңды-заңсыздығын тексеріп жатыр екен. Айта кетсек, бұған дейін Үкімет бензин құнын реттеуден бас тартып, бағаны еркіндікке жіберген болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Энергетика министрлігі АИ-80 бензині бағасын реттеуден бас тартуды ұсынды

Маңғыстау облысының әкімі джип мінген байлардан бензинге көшуді талап етті

Мыңбаев: Ресейде бензиннің бағасы көтерілсе, бізде де қымбаттайтын болады

Талқылау