Елімізде аты-жөніне "-ов" пен "-ев", "-ова" мен "-ева" қосымшаларын жалғайтын қазақтардың саны азайған
Ұлттық статистика бюросы елімізде соңғы екі жылда дүниеге келген ұлты қазақ балалардың 15 пайызында ғана "ов" пен "ев" қосымшалары жалғанғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Деректерге сай, орысша жалғаудан әлі де арыла алмай тұрған өңірлердің көшін Астана мен Алматы қаласы бастап тұр.
Атап айтқанда, елордада 10498 баланың тегінде "-ов", "-ев" немесе "-ова", "-ева" жалғанса, Алматылықтардың арасында 7206 баланың тегі осындай.
Ал бұл қосымшалар ең аз жалғанған өңірлер арасында Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары бар. Мамандардың айтуынша, өңірдегі демографиялық көрсеткіштерді де ескерген жөн.
Мәселен, жалпы 2022 жылдан бері туған ұлты қазақ 403 854 баланың тегіне мұндай қосымша жалғанбаған. Түркістан мен Алматы облысы және Алматы қаласы "-ов", "-ев" немесе "-ова", "-ева" жалғанбаған тізімде көш бастап тұр.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн