AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде ардагерлер мен тылда еңбек еткендерге тегін теміржол қызметі беріледі

“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының мәліметінше 1935 жылғы 31 желтоқсанына дейін дүниеге келген ардагерлер мен тылда еңбек еткендерге енді тегін теміржол көлігімен тегін жүру қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тегін жол жүру барлық бағыттар бойынша (ТМД аумағында) барлық санаттағы пойыздардың купе вагондарында, сондай-ақ қала маңындағы пойыздарда, туристік сыныптағы вагондарда және талго вагондарынан жасақталған пойыздарда мүгедектерге арналған мамандандырылған купелерде орын алуға қамтамасыз етіледі.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассасына тегін жүруге Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе мүгедектің куәлігін, зейнетақы куәлігін ұсынуы қажет. Сонымен қатар тыл еңбеккеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы уәкілетті органның белгісімен құжаты болуы шарт.

ТМД елдеріне барған кезде тегін жүруге арналған жол жүру құжаттары тек Қазақстан аумағында орналасқан сауда орындарында беріледі. Науқан 2022 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр